+7 (701) 759 90 19
USD 376.51 EUR 418.91
RUB 6.13 CNY 54.90
Jańalyqtar

Екатерина Быкова ауыр атлетикадан Беларусьтағы турнирде «алтын» алды

2019 жылғы 3 қараша 00:23
Бөлісіңіз:
Екатерина Быкова ауыр атлетикадан Беларусьтағы турнирде «алтын» алды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ауыр атлетикадан Беларусь елінде өтіп жатқан халықаралық турнирде қазақстандық Екатерина Быкова жеңіске жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Ауыр атлетика: Игорь Сон Катардағы турнирде жеңімпаз атанды Қазақстандық ауыр атлеттер халықаралық жарыстан екінші орын алды Шардарада жасөспірімдер арасында ауыр атлетикадан жарыс басталды

ҚР Ұлттық Олимпиадалық комитетінен мәлім еткендей, 71 келі салмақта сынға түскен ол қоссайыс қорытындысы бойынша 210 келіні бағындырды (93+117).

Күміс жүлдені польшалық Иоланта Вьор (195 келі), қола медальді израильдік Марина Оман (175 келі) иеленді.

Ауыр атлетикадан Alexander Cup рейтингілік турнирі Гродно қаласында өтуде. Бұған дейін 55 келідегі Зүлфия Чиншанло қола жүлде жеңіп алған болатын.

Қазақстан намысын қорғауға келесі атлеттер аттанғанын жазған болатынбыз: Нижат Рахимов - 81 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде, Денис Уланов - 81 келіге дейін, Игорь Сон - 55 келіге дейін, Зүлфия Чиншанло - 55 келіге дейін, Екатерина Быкова – 71 келіге дейінгі салмақ санатында.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Спорт, Беларусь,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT