Екатерина Айдова рекорд орнатып, Калгари турнирін жеңіп алды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Канаданың Калгари қаласында конькимен жүгіру спортынан өткен халықаралық турнир аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жарыста 27 жастағы қазақстандық спортшы Екатерина Айдова 1 500 метр қашықтықты 1.53.53 уақытымен еңсеріп, Қазақстанның рекордын жаңартты. Әрі турнирдің жеңімпазы атанды.

Ерлер арасындағы жарыста Қазақстаннан барған Александр Кленко сегізінші, Демьян Гаврилов - 11, Дмитрий Морозов - 14, Виталий Щиголев - 16, ал Иван Аржаников 25-орынмен шектелді. Жаппай жарыста Гаврилов құрама қоржынына тағы бір алтын медаль салды.

Бұған дейін Дмитрий Морозов осы турнирдің 5 мың метр жарысында мәреге бірінші келген. Турнир қорытындысы бойынша, Айдова «Үздік шетелдік спортшы» сыйлығын алды.

Еске сала кетейік, Кленко мен Айдова бұған дейін күміс медальге ие болған еді. Оның алдында, Екатерина Айдова АҚШ-тың Солт-Лейк-Сити қаласында өткен конькимен жүгіруден әлем кубогінде де Қазақстан рекордын жаңартқан болатын.

Автор: Еламан Тұрысбеков

Соңғы жаңалықтар