«Эхо» ҚБ 26 аймақтық бірлестікпен бірге сайлауға кешенді бақылау жүргізеді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Сайлау процесін бақылаушылар заңбұзушылықтардың фотосы мен видеосын онлайн режімде әлеуметтік желіге салатын болады. Бұл туралы бүгін Алматыда өткен баспасөз мәслихаты барысында «Эхо» қоғамдық бірлестігінің директоры Павел Лобачев айтты.

Айта кету керек, «Эхо» қоғамдық бірлестігі 26 аймақтық қоғамдық бірлестіктермен бірлесе отырып өтетін сайлауға кешенді бақылау жүргізбек. Осы бағытта аталған бірлестік Еуропа демократиялық қорының грантын жеңіп алған.

Сайлау процесін бақылау ұзақ мерзімді (сайлау алдындағы және сайлаудан кейінгі кезеңдер) және қысқа мерзімді (дауыс беру барысы мен дауысты санау процестерін бақылау) болмақ.

«Біздің негізгі міндетіміз - сайлау заңнамаларының көп бұрмаланатын осал жерлерін анықтау, сайлау процесіне тәуелсіз баға беру, сайлау нәтижелері бойынша ҚР заңнамаларына өзгеріс енгізу үшін дәйекті ұсыныс келтіру, зерттеу жұмыстары, трендтерді анықтау, статистика деректерін талдау болып табылады», - деді «Эхо» қоғамдық бірлестігінің директоры Павел Лобачев.

Оның айтуынша, ұзақ мерзімді бақылау жұмысы 14 облыс орталығы мен Алматы, Астана қалаларында жүргізілмек.

Қысқа мерзімді бақылау барысында барлық облыс орталықтарында, Астана мен Алматыда, және еліміздің 10 кіші қалаларында 84 мобильді жергілікті бақылаушылар жұмыс істейтін болады.

Бұл жобаның ерекше жаңалығы бақылаушылар онлайн режімде заңбұзушылықтарды фото мен видеоға түсіріп, әлеуметтік желілерге салатын болады.

Соңғы жаңалықтар