Егу пунктінің дәрігері: Коронавирусқа қарсы заманауи вакциналар – қауіпсіз

None
None
АЛМАТЫ. Қазақпарат – Коронавирусқа қарсы заманауи вакцина – қауіпсіз. Алматы қаласындағы №5 емхананың педиатрия бөлімінің меңгерушісі Гүлзат Байзақова осылай деді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматыда коронавирусқа қарсы егу жүргізілетін 200-ден астам пункт бар, олардың бір бөлігі қаланың сауда, ойын-сауық орталықтарында орналасқан. Мобильді пунктерде 1 200-ден астам медицина қызметкері жұмыс істейді. Олардың арасында Алматы қаласындағы №5 емхананың педиатрия бөлімінің меңгерушісі Гүлзат Байзақова да бар.

Гүлзат Байзақованың айтуынша, «Мега парк» СОСО-да егу пункті 10 сәуірден жұмысты бастаған. Вакцинацияға барлық тілек білдірушілер Egov mobile қосымшасы арқылы алдын ала жазыла алады. Екпе салдыруға келгендердің әрқайсысы төрт кезеңнен өтеді.

«Алдымен, біз науқасты база бойынша тексереміз, оның қандай да бір қарсы көрсетілімдері бар-жоғын білу үшін сауалнама толтырады. Содан кейін дәрігердің кеңсесінде дене қысымы мен температурасын өлшейтін, пульсоксиметр көмегімен сатурацияны тексереміз. Осы уақытта екпе пунктінде вакцина дайындалады. Барлық бақылау аз уақытты алады. Осы рәсімнен кейін әрбір адам арнайы бейдж алады да, 30 минут бойы демалатын бөлмеде болады»,– деді бөлім меңгерушісі.

Дәрігердің айтуынша, қала тұрғындары ұсынылған төрт вакцинаның кез келгенін таңдауға құқылы, олар - «Спутник V», «QazVac», «Hayat-Vax» пен «CoronaVac».

«Біз 150-ден 250 адамға дейін вакциналаймыз. Екпе пункті күн сайын, демалыссыз сағат 10.00-ден 20.00-ге дейін жұмыс істейді. Біздің пункте вакцинаның бірінші компонентін шамамен 8 600 адам, екінші компонентін 6 400-ден астам қала тұрғыны алды»,– деп атап өтті дәрігер.

18 жасқа толмаған адамдарды, жүкті мен бала емізетін әйелдерді, сондай-ақ денсаулық жағдайына байланысты қарсы көрсетілімдерді қоспағанда, барлық тілек білдірушілер вакцина алуға міндетті.

«Коронавирусқа қарсы қазіргі заманғы вакциналар қауіпсіз әрі олардың қарсы көрсетілімдері жоқ. Сондықтан қала тұрғындары жанама әсерлер туралы алаңдамауы керек»,- деді ол.


Соңғы жаңалықтар