eGov жүйесі мен ХҚКО жұмысы толық қалпына келтірілді

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – eGov.kz және Ашық үкімет порталдарының, eGov mobile мобильді қосымшасының және негізгі мемлекеттік дерекқорлардың (ЖТ МДБ, ЗТ МДБ және т.б.) жұмысы толық қалпына келтірілді. Бұл туралы «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Сонымен қатар, екінші деңгейлі банктердегі және ХҚКО мен арнайы ХҚКО-дағы мемлекеттік қызметтер қалпына келтірілді. Қазіргі уақытта барлығы штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Алдағы бірнеше күнде пайдаланушылардың көп болуы мүмкін. Осыған орай, түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз», - дейді «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ басқарма төрағасы Ростислав Коняшкин.

Сонымен қатар, осы техникалық ақаулардың себептеріне талдау жүргізіліп жатыр.

«Электронды үкіметтің ақпараттық жүйелеріндегі кез келген ақау ақпараттық қауіпсіздік индиценті ретінде тіркелетінін атап өту керек. Кешенді талдау қорытындысы бойынша алдағы уақытта осындай жағдайлардың алдын алу шаралары қабылданады», - деген болатын Ростислав Коняшкин.

Еске салсақ, eGov.kz жүйесінде техникалық ақау шығып, мемлекеттік қызметтерді алу мүмкін болмады.


Соңғы жаңалықтар