eGov мобильдік қосымшасындағы отбасы туралы мәліметтерді түзетуге болады

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – eGov мобильдік қосымшасында құжаттардағы мәліметтерді түзетуге болады. Жаңа қызмет туу, некеге тұру және бұзу, бала асырап алу, әке болуды анықтау, аты-жөнін өзгерту (өзі үшін), қайтыс болу туралы деректерді түзетуге мүмкіндік береді, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Қоғаммен байланыс басқармасына сілтеме жасап.

«Мемлекеттік қызметтерді алу кезінде отбасы туралы қате мәліметтер анықталуы мүмкін. Мәселен, бала көрсетілмейді немесе бөтен баланың ақпараты пайда болады. Мұндай жағдайларда АХАЖ ақпараттық жүйесіндегі деректерді өзгерту қажет. Өзгертулерді мекемеге бармай-ақ, eGov.kz арқылы енгізуге болады. Енді бұл сервис eGov mobile мобильдік қосымшасында да қолжетімді», - дейді «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Басқарма төрағасы Ростислав Коняшкин.

eGov mobile қосымшасында бұл функцияларды пайдалану үшін:

- қызметтер қойындысын ашу;

- қызметтер каталогында «Туу, неке және өлім» - АХАЖ АЖ «мәліметтерді өзектендіру»;

- акт жазбасының түрін таңдау;

- «іздеу» түймесін басу;

- егер деректер көрсетілмесе, «мәліметтерді өзектендіру» батырмасын басу қажет (егер деректер көрсетілсе, «өзекті мәліметтер» батырмасын басу қажет);

- әрі қарай қызметке қол қою керек.

Мұндағы мақсат – цифрлық трансформация және мемлекеттік басқарудың барлық салаларының жүйелі реинжинирингі.

Азаматтық хал актілерінің іс-қимылдары жөніндегі аталған мәліметтердің цифрландырылуы және АХАЖ ақпараттық жүйесінде болуы үшін құжаттардың сканерленген көшірмелерін eGov mobile қосымшасы арқылы жіберу жеткілікті.

Сондай-ақ, бұл сервис eGov.kz порталында да көрсетіледі. Қызмет іске қосылған сәттен бастап 83 мыңнан астам адам өз деректерін өзгерткен.


Соңғы жаңалықтар