АСТАНА. ҚазАқпарат – Техникалық жұмыстарға байланысты электронды үкімет веб-порталындағы қызметтер уақытша қолжетімсіз болуы мүмкін. Бұл жөнінде Egov.kz порталының әлеуметтік желілердегі парақшасынан белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«25 ақпан сағат 21:00-ден 26 ақпан күнгі 08:00-ге дейін техникалық жұмыстар жүргізіледі. Осы уақытта электронды үкімет ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторы «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ сүйемелдейтін ақпараттық жүйелер уақытша қолжетімсіз болуы мүмкін», - делінген Egov.kz порталының Іnstagram-дағы ресми парақшасында жарияланған хабарламада.
Еске салайық, бұған дейін «Ашық диалог» порталы арқылы мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына сауал жолдау қызметі жабылатынын мәлімдеген едік.