eGov.kz пен бірқатар меморганның сайтына хакерлік шабуыл жасалды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында, оның ішінде eGov.kz порталы, «Е-лицензиялау» және «Электрондық үкіметтің» барлық компоненттерінде проблемалар пайда болды, деп хабарлайдыҚазАқпарат.

ҚР ҰҚК Мемлекеттік техникалық қызметі мен «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ бірлесіп, тексеру жүргізді. Нәтижесінде мемлекеттік сектордың интернет ресурстарына қатысты мемлекеттік және квазимемлекеттік сектор ұйымдарының интернет-ресурстарының қолжетімділігіне байланысты проблемаларға алып келген шетелдік интернет сегментінен бөлінген DDoS-шабуыл тіркелді.

Шабуыл Қазақстандық интернет сегментінің интернет-ресурстарына әлемнің 48 елінен 550-ден астам IP-мекенжайлардан жүргізілді.

«Бұл кезеңде ресурстардың жұмысына шабуылдың әсерін азайту және оны толық бұғаттау бойынша шаралар қабылдануда. Бұл дербес деректердің компрометациясы анықталмағанын қосымша хабарлаймыз» деп мәлім етті «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ.


Соңғы жаңалықтар