Егіздерін өлтірген ерлі-зайыптылар сотталды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда егіздерін өлтіріп, тұңғышын қаңғыртып жіберген ерлі-зайыптыға сот үкімі шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі сот залынан.

34 жастағы Алла Волченко ҚР ҚК 99-бабының 2-бөлімі 1,3,7 (кісі өлтіру) тармақтары және 119-баптың 1 бөлімі (қараусыз қалдыру) бойынша айыпты деп танылып, 18 жылға бас бостандығынан айрылды.

Егіздердің әкесі Эмиль Гильмутдинов ҚР ҚК 99-бабының 2-бөлімі 1,3,7 (кісі өлтіру) тармақтары және 119-баптың 1 бөлімі (қараусыз қалдыру) бойынша айыпты деп танылып, 20 жылға бас бостандығынан айрылды.

Сонымен қатар, судья екеуін де ішімдікке құмарлықтан мәжбүрлі түрде емдеу туралы шешім шығарды.

Олардың тұңғыш ұлдары Равиль Волченко Алматы әкімдігі мекемесінің қамқорлығына алынды.

Еске сала кетсек, 11 қыркүйек күні жантүршігерлік оқиға Түріксіб ауданында болған. Көппәтерлі үйлердің бірінде тоңазытқыштың ішінен сәбилердің мүрдесі табылған. Сол күні Медеу ауданында адасып жүрген екі жастағы ер бала полицияға жеткізілді. Бала өлген егіздердің ағасы екені анықталды. Егіздердің өліміне күдікті ретінде олардың ата-анасы ұсталды.

Қазіргі уақытта сот алдында Қазақстан азаматшасы Алла Волченкомен оның азаматтық некедегі күйеуі Өзбекстан азаматы Эмиль Гильмутдинов жауап беруде. Оларға қатысты ҚР ҚК 99-бабының 2-бөлімі 1,3,7 (кісі өлтіру) тармақтары және 119-баптың 1 бөлімі (қараусыз қалдыру) бойынша іс қозғалған.

Соңғы жаңалықтар