Егіз қызы бар ақтөбелік жас келіншек 20 күннен бері табылмай жатыр

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде егіз қызы бар Айдана Мұхаммеджанова із-түзсіз жоғалып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбелік келіншек "Алтын бала" балабақшасында тәрбиеші болып жұмыс істейді. 24 жастағы Айдана Мұхаммеджанова 28 тамызда жұмысқа барып, содан бері хабарсыз кеткен. Оның егіз қызы бар.

"28 тамызда Айдананы інім жұмысына апарып тастады. Балабақшада тәрбиеші болып жұмыс істегеніне 3-4 жыл болды. Келінім сол күні 1-2 сағат жұмыс істеп, кетіп қалған. Әрі қарай көрдім, білдім деген адам жоқ. Негізі отбасы құрғандарына 7 жылдан асты. Мінезі тұйық, ешкіммен ашық сөйлеспейтін келінім кешкентай ұрыс-керіс болса үнсіз кетіп қалып жүрді. Ол кезде қыздарын алып кететін. Бұл жолы ата-анасы ештеңе білмейді, қыздары жанымызда", - деді Самал Құлтажина.

Айта кетейік, жоғалып кеткен Айдана Мұхаммеджанованың Айша мен Бибі атты егіз қызы бар. Балалары 3 жаста. Келіншектің ата-анасы полицияға арыз түсірді. Іздеу жұмыстары жүріп жатыр.

Соңғы жаңалықтар