Егістік алқабының 59 пайызы орылды - Өмірзақ Шөкеев

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Егін жинау науқанын қазан айының бірінші онкүндігінде аяқтауға мүмкіндік бар. Бұл туралы бүгін Үкіметтің селекторлық режімдегі отырысында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ауыл шаруашылығы министрі Өмірзақ Шөкеев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ағымдағы жылғы 18 қыркүйекке дәнді дақылдар 8,9 млн гектардан астам алқаптан немесе жиналуға жататын алқаптың 59 пайызы жиналды, 11,2 млн тонна астық бастырылды, түсім гектарына 12,5 центнер болды.  Әлі 6,1 млн гектар алқаптан дәнді дақыл жиналуы керек», - деді Өмірзақ Шөкеев.

Оның айтуынша, қолда бар егін жинайтын комбайндардың күндік өнімділігі 800 мың гектарға жуық болғанда және ауа райы қолайлы болған жағдайда егін жинауды қазан айының бірінші онкүндігінде аяқтауға мүмкіндік бар.

«Сонымен қатар түскен ылғал өскіндердің пайда болуына, арамшөптердің көбеюіне әкеледі, бұл да егін жинау жұмыстары кезінде қиындықтар тудыруда  Осыған байланысты облыс әкімдіктері өнімділігі жоғары егін жинау техникаларын пайдалану, егін жинауға кедергі жасайтын проблемалық мәселелерді шешу арқылы егін жинау қарқынын арттыруы қажет», - деді министр.

Соңғы жаңалықтар