Егіс алқабының 2 млн. 972,2 мың гектарына тұқым себілді - Ақмола облысы

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында көктемгі дала жұмыстары өрмек жүзінен ауды.

Бұл туралы облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Аманбек Қалжанов мәлім етті.

А.Қалжановтың айтуынша, бүгінгі күнге дейін 4 миллион 197,7 мың гектар дәнді дақылдар алқабының 2 миллион 972,2 мың гектарына тұқым себілді. Бұл - облыстағы барлық егіс алқабының 70,8 пайызы. Көктемгі егіс жұмыстары Атбасар, Жарқайың және Есіл аудандарында 75 және 72 пайызға орындалды.

Соңғы жаңалықтар