Египетте жол апатынан 9 адам қаза тапты

None
None
КАИР. ҚазАқпарат-ТАСС - Каирдің оңтүстігінде жол апатынан тоғыз адам қаза тапты. Бұл туралы жексенбі Sada El balad порталы жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Апат кеше түнде Эль-Минья провинциясы Самалют қаласы ауданында тасжолда болған. Қаза тапқандар мінген жеңіл көлік бетон араластыратын көлікпен соқтығысқан. Қаза тапқандар арасында - 4 және 10 жасар екі бала бар. Жол апатының неден болғаны әзірге белгісіз. Тергеу жүріп жатыр.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, Египетте жыл сайын көлік апатынан 12 мың адам мерт болады. Египеттің қоғамдық мобильдеу және статистика орталық агенттігінің дерегі бойынша елдегі жол-көлік апатының саны соңғы уақытта 1/4 есеге азайған.


Соңғы жаңалықтар