Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
Астана: 14 °С
Алматы: 28 °С
USD 346.68 EUR 404.02
RUB 5.47 CNY 51.15
Жаңалықтар

Мысырда «Kazakh Eli Classic» концерті өтті

2018 жылғы 17 сәуір 21:58 1192
Бөлісіңіз:
Мысырда «Kazakh Eli Classic» концерті өтті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мысырдың Каир мен Александрия қалаларында «Kazakh Eli Classic» концерті өтті. Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстанда әншілерді лицензия алуға міндеттемек «Әміреден» Төреғали сияқты той әншісін жасамаймын - продюсер Жан Мұқанов

Баспасөз мәліметтеріне қарағанда аталмыш концерттер «Рухани жаңғыру» президенттік бағдарламасы шеңберінде, сондай-ақ Қазақстанның елордасы - Астана қаласының 20 жылдық мерейтойына орай Каир және Александрия қалаларының опера театрларында ҚР Халық әртісі, Қазақ ұлттық өнер университетінің ректоры Айман Мұсақожаеваның басшылығымен өтті. Оркестрге әйгілі маэстро Айдар Торыбаев жетекшілік етті.

Қойылымдарды тамашалауға көптеген көрермендер келді. Құрметті қонақтардың арасында Қызыл теңіз провинциясының губернаторы, Қазақстан достары ассоциациясының төрағасы Ахмед Абдалла, Оңтүстік Синай провинциясының губернаторы Халед Фода, Александрия провинциясының губернаторы Мұхаммед Сұлтан, Мысыр министрліктері мен ведомстволарының басшылары, шетелдердің елшілері мен дипломаттары келді. Олар дәстүрлі және заманауи музыкалық өнерді қамтитын қазақ ұлттық мәдениетінің қайталанбас синтезіне назар аудара отырып, қазақстандық әртістердің кәсіби деңгейлерін жоғары бағалады.

Мысырлық көрермендердің назарына Вагнердің увертюрасы, Нюрбнерг Мейстерзингер операсы, Прокофьевтің бірінші скрипка концерті, Шуберттің тоғызыншы симфониясы сияқты әлемдік классиканың алдыңғы қатарлы шығармалары ұсынылды.

Мысырда «Kazakh Eli Classic» концерті өтті

Қазақстандық жас және талантты композитор, «Қазақ Моцарты» атанған Рахат-би Әбдісағинның «Романтизм жаңғырығы» атты шығармасы ерекше қызығушылық тудырды. Сонымен қатар, «Шабыт» домбырашылар ансамблінің «Адай», «Әлқисса» күйлерін асқан шеберлікпен орындауы, «Айгөлек» скрипкашылар ансамблі, сондай-ақ әншілер Батыржан Смаков, Асқар Мұқият, Ұлпан Әбдікәрімова, Назым Сағынтай, Марат Айтымбайдың өнерлері жұртшылықты қуантты.

Мысырда «Kazakh Eli Classic» концерті өтті
Мысырда «Kazakh Eli Classic» концерті өтті

Қазақстан Халық әртісі, ЮНЕСКО-ның бейбітшілік жөніндегі әртісі Айман Мұсақожаева қалың көпшілікті өзіне тәнті еткен өнері концертке ерекше реңк берді. Қалың көпшілік орындарынан тұрып қол соғып, ұзақ уақыт қошемет көрсетті.

Осы күндері Қазақстанның Каирдегі елшілігі ұйымдастырған іс-шараларға Мысырда тұратын отандастарымыз және қазақстандық студенттер қатысып, туған жер әуендерін аңсап тыңдады. Концерт соңында олар елшіліктің қызметкерлері мен әртістеріне керемет іс-шара үшін алғыстарын білдірді. Олардың айтуынша, Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы қазақстандықтар үшін ұлттық өнерге атсалысуға ғана емес, шетелдіктерді Отанымыздың сан қырлы мәдениетімен таныстыруға да үлкен мүмкіндік береді.

Жалпы алғанда, аталған іс-шаралар Мысырдағы өнерсүйер қауымға ұмытылмас әсер қалдырып, екі ел арасындағы мәдени байланыстардың одан әрі дамуына және екі достас халықтың жақындасуына серпін берді.

Мысырда «Kazakh Eli Classic» концерті өтті

 

 


Бөлісіңіз:
Онлайн қызметкерлер
Редактор
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
Мұрағат