Египетте Эхнатон перғауынның «басы» табылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Археологтар Нілдің шығыс жағалауындағы Тель-әль-Амарнадан Эхнатон перғауынның жақсы сақталған бас мүсінін тапты, деп жазады БЕЛТА.

Статуя басының ұзындығы - 13,5 см, ал ені - 8 см. Зерттеушілер қазірге ежелгі мүсіннің мұншалықты жақсы сақталуының себебін және оның жасын анықтай алмай отыр.

Эхнатон ежелгі Египеттің танымал перғауындарының бірі, ол біздің заманымызға дейінгі 1353-1336 жылдары өмір сүрген.

Ежелгі Египеттің діни және әлеуметтік өмірінде көптеген өзгерістер жасаған перғауын күн дискісінің кейпіндегі Атон құдайға табынуға да шақырды. Оның тұсында құрылыстың жаға технологиялары жасалды, мәселен, 700 метрлік Эхнатон ақ сарайы ежелгі заманның ірі сәулет ескерткіштері ретінде аталады. Дегенмен оның сыртқы саясаттағы жетістіктері көп болмады, көрші елдермен қатынастары нашарлап кетті. Жорамалдардың біріне сүйенсек, Эхнатон уланып өлген.

Соңғы жаңалықтар