USD 434.24 EUR 492.69
RUB 5.67 CNY 68.46
Jańalyqtar

Египетпен арадағы әуе қатынасы тоқтатылды

2021 жылғы 3 желтоқсан 11:24
Бөлісіңіз:
Египетпен арадағы әуе қатынасы тоқтатылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Коронавирустық инфекцияның жаңа «Омикрон» штаммының пайда болуына жол бермеу мақсатында Қазақстан Республикасы аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның шешімдеріне сәйкес 2021 жылдың 3 желтоқсанынан бастап Египетке әуе қатынасы тоқтатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Индустия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Петропавл әуежайынан төрт қалаға ұшақ ұшып, рейстер саны ұлғаймақ Беларусь бітімгерлері мінген ҰҚШҰ-ның 10 ұшағы Қазақстаннан ұшып шықты Қазақстанда ішкі және сыртқы әуе рейстерінің кестесі жарияланды

Қазақстан мен Египет арасындағы әуе рейстерін Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Қостанай және Ақтөбе қалаларынан Шарм-Эль-Шейх қаласына «Эйр Астана» және «SCAT» әуе компаниялары орындап келді.
Әуе компанияларының ақпараты бойынша бүгінгі таңда Египетте 2800-ге жуық Қазақстан азаматы бар. Олар 2021 жылғы желтоқсанның 3-10 аралығында аталған әуе компанияларының рейстерімен елге жеткізіледі.
ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2021 жылғы 30 қарашадағы №51 қаулысына сәйкес Египеттен келген жолаушылар COVID-19-ға қарсы вакцинациялаудың толық курсының бар-жоғына қарамастан, ҚР Мемлекеттік шекарасын кесіп өткен сәттен бастап мерзімі 72 сағаттан аспаған COVID-19-ға ПТР әдісімен тапсырылған тестінің теріс нәтижесі туралы анықтаманы көрсетуі тиіс. Сондай-ақ, вакцина алған және тиісті анықтамасы бар болса да, 7 күнге оқшаулануы керек.
Рейстердің орындалатын күндері туралы толық ақпарат алу үшін жолаушылар турды немесе әуе билетін сатып алған орынға хабарласуы қажет.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT