Егер Президент сенім артса, сенімді өкіл болуға дайынмын - Мәулен Әшімбаев

2022 жылғы 29 қыркүйек, 13:02
Егер Президент сенім артса, сенімді өкіл болуға дайынмын - Мәулен Әшімбаев

АСТАНА. ҚазАқпарат – Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Қазақстан президентін кезектен тыс сайлау кезінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың сенімді өкілі болу мүмкіндігіне қатысты сұраққа жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Айта кетейік, 2019 жылы М.Әшімбаев сайлау кезінде Қасым-Жомарт Тоқаевтың сенімді өкілі болған еді. Осы орайда бүгін палатаның жалпы отырысынан кейін тілшілер Сенат төрағасынан биылғы сайлауда қайтадан сенімді өкіл болуы мүмкіндігі туралы сұрады.

«Егер Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы сенімді өкіл болуыма және басқа да өкілдірмен бірге сайлау науқанына қатысуыма сенім артса, онда бұл қызметті атқаруға дайынмын. Бұл іс-шаралар заң аясында өткізіледі», - деді М. Әшімбаев.

Сенат төрағасы заңнамада сенімді өкілдің міндеттері толық қамтылғанын айтты.

«Бұл нормалар заңда ескерілген. Егер осындай міндет жүктелсе, сайлау науқанына белсенді түрде қатысып, Қасым-Жомарт Кемелұлының сайлау алдындағы бағдарламасының негізгі тезистерін азаматтар мен қоғамға жеткіземін», - деді М. Әшімбаев.


Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar