Егер деніңіз сау болса, бетперде киюдің қажеті жоқ - ДСМ

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Егер деніңіз сау болса, бетперде киюдің қажеті жоқ. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бетперде өндірушілер мен дистрибьютерлер жұмысты дұрыс жүргізбеген. Отандық өндірушілер халықтың сұранысын қамтамасыз ете алмай отырғандығына байланысты, шетел өндірушілерінен бетперде сатып алу қарастырылуда», - дейді Д.Ахметшәріп.

Сондай-ақ, Денсаулық сақтау министрлігі ЖРВИ болмаса бетперде киюдің қажеті жоқ екенін атап айтты.

«Егер деніңіз сау болса, бетперде киюдің қажеттілігі жоқ екенін тағы бір мәрте естеріңізге саламыз», - дейді ол.

Еске сала кетсек, бұған дейін Қытайдан келген қазақстандық және шетелдік азаматтардан коронавирус анықталмағаны туралы хабарлаған едік.


Соңғы жаңалықтар