Егер де әлемде «Бейбітшілік үшін» деген қандай да бір марапат тағайындалса, оған Қазақстан лайық деп ойлаймын- Ыстамбұл университеті Еуразия институтының директоры

None
None
ЫСТАМБҰЛ. 16 желтоқсан. ҚазАқпарат /Ирина Дынникова/- Еліміздің төл мерекесі, Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай, бауырлас Түркия елінің зиялы қауым өкілдері өз пікірлерін білдіруде.

Ыстамбұл университеті Еуразия институтының директоры, профессор Хаяти Түфекчиоғлы: «Қазақстан тәуелсіздік тізгінін өз қолына алғаннан кейін көптеген қиыншылықтармен, кедергілермен бетпе-бет келді. Алайда, мемлекет мұндай қиын-қыстау кезеңнен ұтымды жол тауып, шыға білді. Егер де әлемде «Бейбітшілік үшін» деген қандай да бір марапат тағайындалса, оған Қазақстан лайық деп ойлаймын. Себебі, Қазақстан көп этнос өкілдерін өзінен алшақтатпай, олардың басын бір жерге шоғырландырып, біртұтас халыққа айналдыра білген мемлекет. Қазақстан үшін тәжірибе ретінде белгілі бір үлгіні алудың қажеттілігі жоқ. Керісінше, өз ішінде этникалық қақтығыстары мен қайшылықтары бар елдер Қазақстанға бұрылып, одан үлгі алуы қажет деп ойлаймын. Бұл Қазақстан Президентінің көшбасшылық қасиетіне байланысты дер едім. Н.Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясын құрды. Бұл Ассамблеяға конституциялық кеңестің бір органы ретінде қарады. Яғни, бұл Қазақстанда тұратын этнос өкілдерінің барлығы Конституцияның қорғауында екенін көрсетеді.Әрине, мемлекет тарихы үшін 20 жыл соншалықты үлкен мерзім емес. Алайда, 20 жыл ішінде Қазақстан өз мемлекеттілігін дәлелдеді, әлемге айғақтады»,- деді.

Соңғы жаңалықтар