Егер біз озық жабдықтар алатын болсақ, осыған сәйкес кадрларды даярлауымыз қажет - Үкімет басшысы

None
None
А. Ақпанның 1-і. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Бүгін Астанада өткен Денсаулық сақтау министрлігінің алқа мәжілісінде Үкімет басшысы денсаулық сақтаудың бірыңғай жүйесі бойынша сапаны тиісті деңгейге шығаруды тапсырды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Биыл денсаулық сақтаудың бірыңғай жүйесі бойынша жаңа бағдарлама басталғанына тоқталған ол, осының аясында ем қабылдауға келген әр адамның жағдайы жақсартылуы керектігін тапсырды. «Атап айтқанда, кейбір ауруханаларды елеулі көлемде құрал-жабдықтармен қамтамасыз еттік. Ал ол құралдарды пайдалана алатындар кемде-кем. Егер біз озық жабдықтар алатын болсақ, осыған сәйкес кадрларды даярлауымыз қажет», деп атап өтті К. Мәсімов.

Осы орайда Премьер-Министр Астана қаласы бойынша алынған медициналық жабдықтар сапасы бойынша әлемдегі ешбір елден қалыс қалмайтынын жеткізді. «Яғни, бізде өте құнды жабдықтар орнатылған. Барлық дәрігерлер олармен сәйкесінше жұмыс істей білуі тиіс. Бұл өте маңызды саналады. Себебі, жаңа жүйе бойынша аурухана қандай әдемі болса да, егер емделуші адам осы мекемеге немесе дәрігерге сенбесе, онда ол мұнда емделуге келмейді. Осыған қарай осы бағыттағы жұмыстарды тыңғылықты қарау керек», деді Үкімет басшысы.

Соңғы жаңалықтар