Egemen Qazaqstan Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған «Атамекен» экспедициясын бастады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Egemen Qazaqstan» республикалық газеті» акционерлік қоғамының қос газеті Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған «Атамекен» атты мәдени-ағартушылық экспедициясын бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өңірлердің тарихи-мәдени және туристік әлеуетін, Тәуелсіздік жылдарында осы салада қол жеткізген елеулі жетістіктер мен табыстарды насихаттау мақсатында қолға алынған экспедиция челлендж форматында өткізіліп, бір облыстан екіншісіне жолданып отырады. Астанадан басталған экспедцияны бірінші болып Ақмола және Қарағанды облыстары іліп әкеті. Одан әрі шығыс және батыс, оңтүстік өңірлерді қамти келе, Алматыда түйіспек.

Ақмола облысының орталығы Көкшетауда экспедицияға қатысушыларды жергілікті зиялы қауым қарсы алып, игі бастамаға тілектестік білдірді.

Облыс әкімінің орынбасары Айна Мысырәлімованың айтуынша, Тәуелсіздіктің 30 жылдығымен дөп келген бастаманың көрікті Көкшетаудан басталуы орынды. Биыл бұл өңірде азаттық мерейтойныа арналған 5000-ға жуық іс-шара өткізіліп, оған 700 мыңнан астам адам қатысқан. Бір ғана «Туған жер» жобасының аясында 1238 іс-шара ұйымдастырылып, 300-ден жергілікті меценат жалпы көлемі 820 млн теңгенің қайырымдылық шарасын өткізген. Соның арқасында 14 нысан бой көтеріп, 19 нысан күрделі жөндеуден өткен.

Сапар Ботай-Бурабай қонысында жалғасып, экспедиция мүшелері 6000 жылдық тарихы бар археологиялық жәдігерлермен танысты.

Сондай-ақ, экспедицияға қатысушылар Абылай алаңының іргесіндегі ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына арнап ашылған мультимедиялық интерактивті паркке бас сұғып, Кенесары үңгірін көзбен көріп қайтты.


Соңғы жаңалықтар