+7 (701) 759 90 19
USD 383.95 EUR 429.26
RUB 6.16 CNY 55.02
Jańalyqtar

«Egemen Qazaqstan» қай дәуірде қызмет етсе де ұлт мүддесінің жоқтаушысы – Көшербаев

2019 жылғы 21 қараша 13:02
Бөлісіңіз:
«Egemen Qazaqstan» қай дәуірде қызмет етсе де ұлт мүддесінің жоқтаушысы – Көшербаев

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Egemen Qazaqstan» газеті қай дәуірде, қандай формацияда қызмет етсе де ұлт мүддесінің жоқтаушысы болып келеді. Мұндай пікірді еліміздің бас басылымның 100 жылдық мерейтойына арналған салтанатты шарада ҚР Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар

«Бүгін қазақ журналистикасы тарихында ерекше күн. Өйткені, еліміздің бас басылымы «Egemen Qazaqstan» республикалық газетінің 100 жылдық мерейтойы тұтастай ұлттық руханиятымыз үшін толағай белес, торқалы мереке. Иә, осыдан бір ғасырдан астам уақыт бұрын Ахмет Байтұрсынұлы: «Газет халықтың көзі, құлағы һәм тілі» деген сөзі бүгінгі таңда да, ақпарат заманында да өзінің өзектілігін жоймай келеді. Алғаш рет 1919 жылы Орынбар қаласында жарыққа шыққан ата басылым бүгінде еліміздің ғасырлық жылнамасына айналды. Басылым беттерін парақтағанда ұлтымыздың ғасыр ішінде бастан кешірген кезеңдері көз алдыңызға келіп, 20-шы жылдардағы ұжымдастыру, 30-шы жылдардағы ашаршылық пен репрессиялар, екінші дүниежүзілік соғыс жылдары, тың игеру және басда да тағдырлы әрі тарихи оқиғалармен өріліп, азаттықтың ақ таңындағы ақжолтай жаңалықтармен арнасы жалғасады», - деді ол.

Мемлекеттік хатшы замана үніне айналған бас газет әр жылдары республикамыздың астанасы болған Қызылорда, Алматы қалаларында жұмысын жалғастырып, ел өміріндегі өркенді істерді оқырмандарға дер кезінде жеткізіп отырғанын айтты.

«Газет журналистері қай кезде де халықтың қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық, мәдени-рухани тақырыптардағы қадау-қадау проблемаларын қаузап, игілікті іске жанашырлықпен үн қосты. Келелі мәселелердің кесімді шешім табуына кәсіби шеберлікпен атсалысты... Ең бастысы «Egemen Qazaqstan» газеті қай дәуірде, қандай формацияда қызмет етсе де, ұлт мүддесінің жоқтаушысы, қазақ руханиятының іздеушісі, төл мәдениетіміздің жанашыры болып келеді», - деді Қырымбек Көшербаев.

Сөз соңында Мемлекеттік хатшы мерейтойға орай Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың алғыс хаттарын «Egemen Qazaqstan» газетінің басқарма төрағасы Дархан Қыдырәліге, басқарма төрағасының орынбасары Ерболат Қаменге, бас редактордың орынбасары Талғат Батырханға, саясат бөлімінің меңгерушісі Жолдыбай Базарға және басылымның аға редакторы Забира Төлешоваға табыстады.

Салтанатты шарада Мәжіліс депутат Қуаныш Сұлтанов сөз сөйлеп, еліміздің бұқаралық ақпарат құралдары ішінде «Egemen Qazaqstan» газеті ерекше орынға ие екендігін баса айтты.

«Мемлекеттік тәуелсіздігіміздің арқасында келген рух бостандығының бағасы өлшеусіз екендігін насихаттауда газет еңбегі орасан. Бастысы, «Egemen Qazaqstan» өзінің 100 жылдық тарихының соңғы 30 жылында бұрын-соңды болмаған жаңа дәуір жақсылықтарын жариялауда шығармашылық өнегесін көрсетіп, оқырманының ықласына кенелді», - деген Қуаныш Сұлтанов басылым басшылығына Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулиннің арнайы құттықтауын табыс етті.

Сондай-ақ газетті мерейтойымен ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Дариға Назарбаева құттықтады. Спикердің құттықтауын Сенат депутаты Нұртөре Жүсіп оқып берді.

«Еліміздің бас басылымы «Egemen Qazaqstan» газетінің қызметкерлері мен оқырмандарын газеттің 100 жылдық мерейтойымен құттықтаймын. Басылымның әр саны, әр мақаласы халқымыздың тыныс-тіршілігін айқын көрсетіп, мемлекеттік бағдарламалар мен реформалардың маңызын қалың көпшілікке дер кезінде әрі сапалы жеткізуге атсалысып келеді. Ғасырлық шежіресі бар газетті ойы тұщымды, қаламы қарымды, жазғаны жалынды журналистердің ордасы деуге болады. Себебі сіздер билік пен бұқара арасындағы алтын көпір болып, тынымсыз еңбектің арқасында оқырманның оң бағасын алып келесіздер», - деп атап өтеді Сенат спикері.

Сонымен қатар Дариға Назарбаева бүгінгі ұжымның толайым табыстары сол бейнетті еңбек жолындағы жетістіктері деп білетіндігіне баса назар аударады.

«Еліміздің саяси, экономикалық, әлеуметтік және рухани жетістіктерін жұртшылыққа жеткізудегі еңбектеріңізге шығармашылық табыс, отбасыларыңызға амандық, бақыт пен береке тілеймін», - деп аяқтайды құттықтауын төраға.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT