«Egemen Qazaqstan» газетінің мерейтойына арнап 100 түп ағаш егілді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін елордада «Egemen Qazaqstan» газетінің 100 жылдығына орай Есіл ауданындағы аллеяда 100 түп ағаш егілді. Бұл шараға Мәжіліс депутаттары, ардагер журналистер, БАҚ басшылары, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Egemen Qazaqstan» газетінің мерейтойы аясында өтіп жатқан әр іс-шара өте маңызды. Бүгін Нұр-Сұлтан қаласының төрінде біз жүз көшет отырғызуға жиналдық. Осы игі шара құтты болсын! «Бабалар еккен шынарды балалар саялайды» дейді ғой, сондықтан да бүгін отырғызылатын ағаштарымыз үлкен саябаққа айналсын. Өсіп келе жатқан ұрпақ бұл саябақты біздер «Egemen Qazaqstan» газетінің құрметіне еккенімізді біліп жүрсін. Еліміз, Нұр-Сұлтан қаламыз, «Egemen Qazaqstan» газетіміз өркендей берсін, гүлдей берсін!», - деді Дәурен Абаев.
null

Сонымен қатар, бүгінгі сенбілікке аталған газеттің көркеюіне үлкен үлес қосқан Мәжіліс депутаты, публицист Сауытбек Абдрахманов арнайы келді.

«Жыл басынан бері «Жүз жылдық жылнама» деп газеттің маңдайына жарқыратып жазып, газет осы ұлы белесті жақсы аттап келе жатыр. Бүгін министр (Дәурен Абаев-авт.) бастап, Дархан («Egemen Qazaqstan» РГ» АҚ басқарма төрағасы) қостап, сондай-ақ басқа да бұқаралық ақпарат құралдары қолдап осындай жақсы іс-шара ұйымдастырылуда. Алдағы уақытта бұл саябақ газеттің 100 жылдығын біздің есімізге салып тұратын болсын. Жақсы күндеріміз көп болсын, Басылымның абыройы арта берсін!», - деді Парламент Мәжілісінің депутаты Сауытбек Абдрахманов.
null

Өз кезегінде «Egemen Qazaqstan» республикалық газеті» АҚ басқарма төрағасы Дархан Қыдырәлі бұл мерейтойды жыл бойы атап өту жоспарланғанын жеткізді.

«Жыл аясында көптеген игі шаралар өткізіледі, ал бүгін соның біріне жиналып отырмыз. Осы шаралардың өтуіне қолдау білдірген ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне алғыс айтамыз. Қазақта айтады ғой, «атадан мал қалғанша, тал қалсын» деп. Осы орайда кішігірім аллеяда ағаш отырғызбақпыз. Бұл біздің қазақ баспасөзінің достық аллеясы сияқты қалады деп үміттенемін», - деді ол.
null

Д. Қыдырәлі көшет отырғызуға орын бөлген Есіл ауданының әкімдігіне алғысын жеткізді.

Айта кетсек, биыл «Egemen Qazaqstan» басылымының жарық көргеніне 100 жыл толады. «Egemen Qazaqstan» тарихы 1919 жылы 17 желтоқсанда Орынборда алғашқы саны жарық көрген «Ұшқын» газетінен басталады. Одан кейін газеттің аты бірнеше рет өзгерді. Басылым 1920 жылы «Еңбек туы», 1921 жылы «Еңбекші қазақ», келесі жылы «Еңбекшіл қазақ», 1932 жылы «Социалды Қазақстан» деген атаумен шықты. Ал 1937 жылы «Социалистік Қазақстан» болып өзгерілді де, осы атпен ол 54 жыл бойы жарық көріп тұрды.
null

1991 жылдың маусымында Қазақстан тәуелсіздігін алуға санаулы айлар қалғанда басылымның аты «Егеменді Қазақстан» болып өзгертілді. Бұл кезде оның бас редакторы белгілі жазушы, публицист Шерхан Мұртаза болды.
null null
null null null null null

Соңғы жаңалықтар