+7 (701) 759 90 19
USD 427.22 EUR 519.71
RUB 5.78 CNY 66.52
Jańalyqtar

«Егемен Қазақстан» мен «Казахстанская правда» газеттері бірікті

2021 жылғы 4 мамыр 12:54
Бөлісіңіз:
«Егемен Қазақстан» мен «Казахстанская правда» газеттері бірікті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Егемен Қазақстан» мен «Казахстанская правда» газеттері біріктіріліп, дербес «Егемен Қазақстан» акционерлік қоғам ретінде құрылды.

Ұқсас жаңалықтар

Бұл туралы бүшін өзінің Facebook парақшасында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бүгін отандық ақпарат саласында тағы бір үлкен жаңалық болды. Еліміздің ең басты басылымдары – «Егемен Қазақстан» мен «Казахстанская правда» газеттері біріктіріліп, дербес «Егемен Қазақстан» акционерлік қоғам ретінде құрылды. Оның Басқарма төрағасы лауазымына – елімізге белгілі зиялы азамат Дархан Қуандықұлы Қыдырәліні тағайындадым.

Өткен ғасырдың басында бір-біріне қанаттаса, бірінен соң бір жарық көрген жүз жылдық жылнамасы бар қос газет –халыққа ақпар жеткізуде өздеріне жүктелген міндетті абыроймен атқара білді. Десе де, бүгінгідей ақпараттық технология қарыштап дамыған интернет дәуірінде дәстүрлі баспасөзді заман көшіне сай жаңғыртып отыру – уақыт талабы. Сондықтан Үкіметтің Қаулысымен қабылданған бұл өзгеріс отандық медианың даму бағытындағы кезекті маңызды қадам деп санаймын.

Әрине, екі газетті біріктіру – оның біреуі өз жұмысын тоқтатады дегенді білдірмейді. «Казахстанкая правда» газеті өзінің қалыптасқан брендтік атауын сақтайды. Басылымды мемлекеттік ақпарат тапсырысы аясында қаржылық қолдау жалғасады. Ең бастысы бұл журналистердің шығармашылығына ешқандай кедергісін келтірмейді»,-дед министр.

Оның айтуынша, қайта бір орталыққа біріккен қос басылымның елді ақпараттық-идеологиялық тұрғыдан қамту аясы бірізденіп, оқырман алдындағы тартымдылығы мен сапалы контент ұсыну әлеуеті одан ары артады деген үміт бар.

«Біріктіру барысында тек әкімшілік-шаруашылық ресурстар қысқарады. Бірінші кезекте әрине қаржы үнемделеді. Бұл өз кезегінде, шығармашылық ұжымның табысын арттырып, сапалық құрамын күшейтуге тың мүмкіндік болмақ. Ең бастысы, республикалық бас басылымдардың мазмұн-контенті жаңа сапаға көтеріліп, бәсекеге қабілеті күшейе түседі деп санаймын»,-дейді Аида Балаева.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT