+7 (701) 759 90 19
USD 431.07 EUR 485.51
RUB 5.69 CNY 67.47
Jańalyqtar

«Егемен Қазақстан» АҚ мен «Қазпошта» меморандум жасасты

2021 жылғы 25 қараша 12:12
Бөлісіңіз:
«Егемен Қазақстан» АҚ мен «Қазпошта» меморандум жасасты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Егемен Қазақстан» АҚ мен «Қазпошта» АҚ арасында өзара іс-қимыл туралы меморандум жасалды. Құжатқа «Егемен Қазақстан» АҚ басқарма төрағасы Дархан Қыдырәлі мен «Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы Серік Саудабаев қол қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар

«Бүгінгі кездесуіміз өте маңызды деп ойлаймын. Біз «Қазпошта» қызметкерлерінің жанкешті жұмысын өте жоғары бағалаймыз. Себебі жолы жоқ ең қиыр ауылдарға дейін немесе бару қиын өңірлерге дейін сіздер газет-журналдарды жеткізіп келесіздер. Әрине, кейбір мәселелер де бар. Әрине, жұртшылық баспасөздің дер уақытында келуін күтіп отырады. Сондықтан «Қазпошта» қызметіне де сәттілік тілейміз», - деді меморандумға қол қою рәсімінде Дархан Қыдырәлі.

Меморандумға сәйкес «Қазпошта» «Egemen Qazaqstan» және «Казахстанская правда» газеттерін дамыту және таралуын кеңейту бағытындағы жұмыстарын күшейтетін болады.

«Қазпошта» ұзақ жылдардан бері Қазақстанның бүкіл өңірінде шығатын әрі республикадағы ресми және іскерлік ақпараттардың басты дереккөзі саналатын «Egemen Qazaqstan» және «Казахстанская правда» газеттерімен ынтымақтастықты жолға қойған. Біз баспа басылымдарын жазылу бойынша еліміздің, тіпті ең шалғай елді мекендеріне де жеткізіп береміз. Бұл қазақстандықтардың өзекті әрі сенімді ақпараттарды білуі үшін жасалады. Басылымды тарату жөніндегі қызметімізді қолдау және кеңейту бөлігіндегі ынтымақтастығымыз жемісті боларына сенемін», - деді өз кезегінде Серік Саудабаев.

Айта кетейік, «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» акционерлік қоғамы газеттеріне 2022 жылға (ескерту: тек «Қазпошта» желісі арқылы 1 жылға толық жазылу керек, ұтыс жүлдегерлері желтоқсан айында анықталады) толық жазылған оқырмандар арасында ұтысқа смартфондар ойнатуды жоспарлап отыр.

Бұдан бөлек, «Egemen Qazaqstan» газеті өзіне барынша көп жазылым ұйымдастырып, қолдау көрсеткен қарапайым жанашырларына да арнайы сыйлықтарын ұсынады. Мәселен, 15 адамды «Egemen-ге» жаздырған серіктесіне «Егемен Қазақстан кітапханасы» сериясымен жарыққа шыққан «Бақорда» және «Жиырма бес жыл: жеңістер мен жемістер» атты кітаптарын сыйға тартады. Ал енді 20 адамның газетке жазылуына себепкер болған оқырман аталған серия бойынша жарық көрген Ш.Мұртазаның «Намыс найзағайы», 25 адамды жаздырса – Ә.Кекілбайұлының «Дәуір дауысы», 30 адамды жаздырса – «Ел және Елбасы», 35 адамды жаздырса «Даналық дариясы» атты құнды кітаптарын сыйлыққа алады.

Егер де 30 және одан көп жазылым ұйымдастыра алған адам болса, онда бұл оқырманға бас басылымның ғасырлық тарихынан сыр шертетін, ең құнды мақалалар топтастырылған «Жүз жылдық жылнама» бес томдығы тарту етіледі.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT