USD 435.1 EUR 493.27
RUB 5.69 CNY 68.63
Jańalyqtar

Егде жастағы ұры және гауһартас тонаушы: елордада бірнеше қылмыс ашылды

2020 жылғы 26 қыркүйек 12:33
Бөлісіңіз:
Егде жастағы ұры және гауһартас тонаушы: елордада бірнеше қылмыс ашылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елорда полициясы өткен тәулікте бірқатар ұрлықты анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Нұр-Сұлтан қаласы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Шу тұрғынының сарайынан ірі көлемде есірткі табылды Алматы облысы әкімдігінің ғимаратын тонаған күдіктілер ұсталды Жамбыл облысында ауыл маңынан жерге көмілген қару-жарақтар табылды

Жедел-іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері 70 жастағы зейнеткерді ұстады. «Кафеде болған кезде қарт адам қасында отырған бір отбасының үстелге ұялы телефондарын қойғанын көрген. Шығып бара жатып, ол өзінің әрекетін ешкімнің көрмегенін байқап, үстел үстінде жатқан жалпы құны 150 мың теңгелік екі ұялы телефонды жымқырып кетті», - делінген хабарламада.

Бұрын ұрлық жасағаны үшін сотталған зейнеткер бұл қылмысын мойындады. Күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Ұрланған телефондар тәркіленіп, иесіне қайтарылды. Сонымен қатар полицейлер қымбат зергерлік бұйымдарды қолды еткен 33 жастағы ұрлықшыны ұстады.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 188-бабы («Ұрлық») бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Оның Елорда аумағында бұрын жасалған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлзат Ақжолова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT