USD 436.29 EUR 492.83
RUB 5.92 CNY 68.48
Jańalyqtar

Егде жастағы адамдар коронавирустан қалай қорғануы керек - дәрігер кеңесі

2021 жылғы 28 қазан 22:30
Бөлісіңіз:
Егде жастағы адамдар коронавирустан қалай қорғануы керек - дәрігер кеңесі

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қарттар коронавирус инфекциясын ауыр көтереді және осының салдарынан болатын жағымсыз болжам бар. Егде адам бұл аурудан қалай қорғануы керек. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне №36 қалалық емхананың терапевт дәрігері Сабыржан Жарымхан айтып берді.

Ұқсас жаңалықтар
Өткен тәулікте 95 адам коронавирус пневмониясына шалдыққан Қазақстанда әрбір бесінші бала артық салмақтан зардап шегеді Алматыда 10 мыңнан астам жасөспірім Pfizer вакцинасын алды

Дәрігердің айтуынша, ғалымдардың зерттеулеріне сәйкес, егде адамдар вирус инфекциясын ауыр көтереді

«Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының классификациясы бойынша егде жастағылар – 60 – 74 жас, кәрілік – 75 – 90 жас, ұзақ өмір сүретіндер – 90 жастан асқандар болып бөлінеді.
Бұл топтардың жас және орта жастағы адамдарға қарағанда коронавирустан асқыну мен өлім қаупі айтарлықтай жоғары. 80 жастан асқан адамдарда өлім көрсеткіші 15%-ға жетеді, ал 50 жасқа дейінгі адамдарда 0,5%-дан аз. Коронавируспен ауырғаннан кейін науқастар тромбозбен, когнитивті функцияның төмендеуімен және жүрек-тамыр жүйесі ауруларымен байланысты асқынуларды бастан кешіреді. Сонымен бірге оларда 3 айдан 8-9 айға дейін ауыр белгілер болуы мүмкін», - деді Сабыржан Жарымхан.
Дәрігер атап өткендей, COVID-19-дан болатын өлім-жітімнің дүниежүзілік статистикасы осы аурудан қайтыс болғандардың арасында артериялық гипертония, жүректің ишемиялық ауруы, қант диабеті секілді ілеспелі аурулары бар егде жастағы адамдардың жиі кездесетіні дәлелденді. «Қазіргі уақытта біздің коронавируспен күресудегі негізгі құралымыз -вакцина және алдын алу шараларын сақтау. Мұны бәрі біледі. Егде адамдар басқа науқастарға қарағанда вакцинацияны жақсы көтереді. Олардың арасында дене температурасының көтерілуі, әлсіздік сияқты шағымдар өте аз кездеседі. Ал егер екпеден кейін де ауырып қалса, онда жеңіл өтеді «, - дейді ол.
Сонымен қатар, дәрігер қарт адамдар арасында аурудың алдын алу үшін бірқатар маңызды ұсыныстар айтты.
«Біз ата-анамызды, қарт адамдарды көбірек ақпараттандыруымыз керек. Және негізгі профилактикалық шараларды сақтауға көмектесуіміз қажет. Бұл топтағы адамдар аса қажет болмаса, көшеге шығудан, қоғамдық орындарға барудан және қоғамдық көлікті пайдаланудан бас тартқандары абзал. Маска тағу және әлеуметтік қашықтықты сақтаудың маңыздылығын ұмытпаған жөн. Сонымен қатар, үй жағдайында жаттығулар жасап отырған дұрыс. Егер температура, құрғақ жөтел, ентігу сияқты белгілер пайда болса бірден үйге дәрігер шақырту керек»,- дейді спикер.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT