Егде қытайлық бар жиған-тергенін итіне аманат етіп қалдырды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Харбин қаласының тұрғыны Ван Цзюньу жергілікті жануарлар үйіне хабарласып, жинаған ақшасын (80 мың юань) жануарлар үйіне беруге аманат жазып қалдырғанын айтқан.

71 жастағы ер адам бұл қаражатты «Эрфу» есімді итінің «зейнетақысы» ретінде қолдануды  өтінген, деп жазды ria.ru.

Басылымның хабарлауынша, жануар егде адамның жалғыз серігі: оның ұлы алты жасында көлік апатынан қаза тапқан, әйелі ауырып қайтыс болған. Ван Цзюньу «Эрфу» есімді итін күшік кезінде асырап алған.

Сонымен қатар, басылым иттің иесіне адал екенін, үнемі бірге жүретіндерін және оның қасына ешкімді жолатпайтынын жазуда.

Жануарлар үйі әкімшілігі төрт аяқтыға қарауға келісім берді, бірақ зейнеткердің ақшасын алудан бас тартты. 

Соңғы жаңалықтар