Эфиопияға бұрын-соңды болмаған ашаршылық қаупі төніп тұр - БҰҰ

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) Эфиопия аймағының тұрғындары соңғы онжылдықта бұрын-соңды болмаған аштыққа ұшырауы мүмкін екенін ескертті, деп хабарлайды ҚазАқпарат БҰҰ сайтына сілтеме жасап.

Ұйымның жаңа баяндамасында Эфиопиялық Тыграй аймағының әскери қақтығысынан зардап шеккен тұрғындарының 70 пайыздан астамы жарытып тамақ жемейді делінген.

БҰҰ-да қабылданған жіктеуге сәйкес, өңірдің 350 мың тұрғыны аштыққа жақын, бұл азық-түлік тапшылығының соңғы, бесінші кезеңі.

БҰҰ-ның хабарлауынша, соңғы онжылдықта бірде-бір елде аштық алдында тұрған адамдардың қарасы мұндай көп болмаған.

Эфиопияның солтүстігінде 5,5 миллион адам тамаққа жарымай отыр. Қақтығыстан ауыл тұрғындары қатты зардап шекті.


Соңғы жаңалықтар