+7 (701) 759 90 19
USD 419.69 EUR 510.89
RUB 5.63 CNY 64.82
Jańalyqtar

Эфиопияда Тұңғыш Президент күні аталып өтті

2020 жылғы 28 қараша 15:05
Бөлісіңіз:
Эфиопияда Тұңғыш Президент күні аталып өтті

АДДИС-АБЕБА. ҚазАқпарат – Қазақстанның Эфиопиядағы Елшілігі ҚР Тұңғыш Президент күніне арнап семинар өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Сыртқы істер министрлігінің сайтына сілтеме жасап.

Іс-шараға Сыртқы істер министрлігінің, ғылыми-зерттеу институттарының, БАҚ өкілдері, сондай-ақ Аддис-Абеба университетінің студенттері қатысты.

Қазақстан Елшісі Барлыбай Садықов Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы презентация жасады.

Н.Назарбаевтың басшылығымен Қазақстан табысты саяси, экономикалық және әлеуметтік реформалар жүргізгені атап өтілді.

Қазақстан заманауи, демократиялық, дамыған мемлекет, әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына енді.

Елбасының халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайтудағы, ядролық қарусыздану мен таратпау үдерісіне үлес қосудағы, сенім шараларын құру және жанжалдарды болдырмайтын және бейбітшілікті сақтаудағы рөлі ерекше атап өтілді.

Қоғамдағы этносаралық және дінаралық қатынастарды, толеранттылық пен келісімді үйлестіру саясатының маңыздылығы айтылды.

Семинарға қатысушылар үшін фотокөрме ұйымдастырылып, Елбасыға арналған фильм көрсетілді.

Сонымен қатар, 25 қарашада Эфиопияның танымал «Капитал» газетінде Елбасының қызметі туралы мақала жарияланды. Мақалада ядролық қарусыздану, терроризмге қарсы күрес және өркениетаралық диалог салаларындағы Елбасының халықаралық бастамалары әлемнің бейбітшілік пен қауіпсіздік ісіне қосылған үлесі зор екендігі аталған.

Н. Назарбаевтың басшылығымен Қазақстан Ресей, Қытай, АҚШ, Еуродақ, өңірлік көршілерімен стратегиялық және кеңейтілген серіктестік және әлемнің барлық елдерімен достық қарым-қатынас орнатты.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT