Эфиопияда 157 адамы бар ұшақ апатқа ұшырады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Эфиопияда Ethiopian Airlines әуе компаниясының Найробиге бара жатқан ұшағы апатқа ұшырады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Ұшақ бортында 149 жолаушы және сегіз экипаж мүшесі болған.

«Апат 08:44-те болды», - деп мәлімдеген компанияның өкілі.

Әуе компаниясының ресми сайты таратқан ақпаратқа сәйкес, ұшақта жалпы 157 адам болған, соның 149-ы - жолаушы.

«Алдын ала таратылған ақпараттар бойынша, ұшақ бортында 149 жолаушы және сегіз экипаж мүшесі болған. Қазір жолаушылардың тізімін анықтап жатырмыз» делінген хабарламада.

Boeing 737 лайнері Найробиге бара жатқанда Оромия өңірінде, Дебре-Зейт елді мекенінің маңында апатқа ұшыраған.

Соңғы жаңалықтар