ЕЭО ДСҰ талаптары мен халықаралық сауда ережелерін ұстанатын болады - Т.Жақсылықов

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Еуразиялық экономикалық одақ Дүниежүзілік сауда ұйымы талаптары мен халықаралық сауда ережелерін ұстанатын болады. Бүгін елордада жалғасып жатқан Астана экономикалық форумы аясындағы дөңгелек үстел жиынында ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі Тимур Жақсылықов осылай мәлім етті.

«Еуразиялық экономикалық одақ - бұл ортақ нарық. Бұл теңқұқықтық, өзара тиімділік пен оған барлық қатысушылардың мүдделерін есепке алу қағидатын қаперде ұдайы ұстанатын ХХІ ғасырдағы мүлдем жаңа бірлестік болмақ. Сонымен қатар, келешектегі Еуразиялық экономикалық одақтың басты қағидаттары ДСҰ талаптары мен халықаралық сауда ережелерін, нормаларын ұстану болып табылады», - деді Тимур Жақсылықов. Оның айтуынша, Еуразиялық экономикалық одақ - бұл ең алдымен қатысушы мемлекеттердің тікелей экономикалық ынтымақтастық мүдделері базасында құрылатын халықаралық экономикалық ұйым. «Солай болғандықтан да, біз орталықазиялық мемлекеттермен және Кеден одағы мен Бірыңғай экономикалық кеңістік аясындағы мемлекеттер бойынша бірлескен экономикалық ынтымақтастықты дамыту жолдарын іздеуге кірісуіміз керек», - деді вице-министр.

Соңғы жаңалықтар