ЕЭК тағамдық қоспаларға қойылатын талаптарды бекітті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Еуразиялық экономикалық комиссия алқасы тағамдық қоспалар, хош иістендіргіштер және технологиялық қосалқы құралдар қауіпсіздігіне қойылатын талаптарды белгіледі, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА.

«Кеден одағының «Тағамдық қоспалар, хош иістендіргіштер және технологиялық қосалқы құралдар қауіпсіздігі талаптары» техникалық регламентіне (ТР ТС 029/2012) өзекдірілген стандарттар тізбесі бекітілді. Олар ЕЭК алқасының 2012 жылғы 2 қазандағы №258 шешімімен бекітілген стандарттар тізбесінің орнын алмастырады», - делінген ЕЭК баспасөз қызметінің хабарламасында.

№1 стандарттар тізбесіне эмульгаторлар, жылтыратқыш, қоюландырғыш сияқты нақты азықтық қоспаларға қатысты нормаларды белгілейтін құжаттар енгізілді.

2019 жылғы 1 қаңтардан бастап азық-түлік құрамындағы қорғасын, кадмий, мырыш, мыс және темір мөлшерін анықтаудың жаңа әдістері қолданысқа енгізілуі тиіс. Кондитерлік өнімдерге бензой қышқылының массалық үлесін анықтау әдісін, ет өнімдеріне лимон, сорбин және бензой қышқылдарын  тиімділігі жоғары сұйықтық хромотографиясы әдісімен анықтау тәртібін енгізу жоспарлануда.  

Соңғы жаңалықтар