ЕЭК мен ДДҰ ынтымақтастық жөнінде уағдаласты

None
None
 АСТАНА. ҚазАқпарат - Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) мен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) өзара ынтымақтастықта қызмет ету жөнінде уағдаласты, деп хабарлайды ҚазАқпарат ЕЭК баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Дәрілік препараттардың сапасына басты талап ретінде Еуразиялық экономикалық одақтың фармокопеясы - Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының, яғни, әлемдік фармакопея мен фармокопеялық органдардың тізіміне өңірлік сапа стандарты ретінде енгізіледі. Бұл туралы ЕЭК алқасының мүшесі (министрі) Валерий Корешков пен ДДСҰ-ның басты медициналық құралдар мен медициналық өнімдер департаментінің директоры Сьюзанн Хилл ДССҰ-ның шта-пәтерінде (Женева, Швейцария) сөз етті.

ЕЭК министрі сонымен қатар Халықаралық фармацевтикалық өндірушілер мен қауымдастықтар кеңесі мәжілісінде сөз сөйлеп, ІСН хатшылығының директоры Дона Ронанмен кездесті. Сьюзанн Хилл ДССҰ-ның ЕЭК-пен дәрі-дәрмектер нарығын дамыту бағытында ынтымақтастық орнатуға және Фармокопеяның Одақты өңір ретінде мойындауға мүдделі екендігін мәлім етті.

Тараптар ынтымақтастық жоспарын дайындауға кірісті.

Соңғы жаңалықтар