ЕЭК құру тауар, қызмет, капитал, еңбек ресурстарының еркін айналымын қамтамасыз етеді - сарапшы пікірі

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Экономикалық интеграция тауар, қызмет, капитал, еңбек ресурстарының еркін айналымын қамтамасыз етеді. Бұл туралы бүгін ҚазАқпарат тілшісіне ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының бас ғылыми қызметкері Вячеслав Додонов айтты.

«Бұдан қандай пайда болуы мүмкін? Еңбек ресурстарына жұмыс табу мүмкіндігі бар болса, капитал үшін еркін ағым пайда болып, капитал Қазақстаннан Ресейге еркін ене алады. Айталық, Қазақстандық инвесторлар Ресей қор нарығында жұмыс істеуге мүмкіндік алады. Қызметтер нарығының да географиясы кеңейеді. Отандық тауар жеткізушілер өзге елдің территориясында еркін жұмыс істей алады. Осындай тауар, қызмет, капитал, еңбек ресурстарының белсенді айналымы экономикамыздың дамуын қамтамасыз етпек», - деді сарапшы.

Оның айтуынша, Қазақстанның ЕЭК кіру туралы келісімге қол қоюы отандық кәсіпкерлерге Ресей, Беларусь нарықтарына еркін шығуға мүмкіндік береді.

«Қазір ол нарыққа шығу жолында техникалық регламент, аймақтық заңнаманың ерекшелігіне қатысты елеулі тосқауылдар бар. Олардың бәрі уақытымен өз шешімін табады деп ойлаймын», - деді В.Додонов.

Маманның айтуынша, ЕЭК құру туралы келісімге қол қою Ресейлік транспорттық желі арқылы Ресей мен Беларусь мемлекетіне тауар мен қызмет жеткізушілер үшін тиімді болмақ. Бұл орайда, темір жол, құбыр және өзге де көлік жүйелері тарифтерінің оңтайландырылуы күтіліп отыр.

Соңғы жаңалықтар