ЕЭК Кеңесі үшінші елдермен сауда барысындағы кедергілерді жоймақ

None
None
МӘСКЕУ. ҚазАқпарат - Мәскеуде ЕАЭО-ның үкімет басшылары орынбасарларының және Еуразия экономикалық комиссиясы Алқа төрағасы Тигрян Саркисянның қатысуымен ЕЭК Кеңесінің отырысы болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Онда Одаққа мүше елдердің экономикасын цифрландыру, сауда, интеграция, Одақтың ішкі нарығындағы кедергілерді жою, өнеркәсіптік кооперациялар, энергетика, кедендік және техникалық реттеу, санитарлық, ветеринарлық, фитосанитарлық шараларды қолдану, т.б. мәселелер талқыланды.

Отырыста интеграциялық ынтымақтастықты тереңдетуге бағытталған жобаларды бірлесе отырып әзірлеу бойынша тараптардың ұсыныстары қаралды.

ЕЭК Кеңесі Үшінші елдермен өзара сауда жасаудағы техникалық кедергілерді жою шарттары мен тәртібі туралы келісімнің жобасы мақұлданып, әр мемлекеттің ішінде оған қол қоюға қажетті шараларды жүргізу үшін Одаққа мүше мемлекеттерге жіберілді.

Құжатта жекелеген шарттарды (келісімдерді) жасасу арқылы үшінші елдермен немесе интеграциялық бірлестіктермен сауда жасаудың кедергілерін жою тетіктері қарастырылған. Олар үздік халықаралық тәжірибелерді ескере отырып жасалған. Шарттар Одақтың техникалық регламенттері қолданылатын өнімге ғана қатысты жасалады.

Соңғы жаңалықтар