+7 (701) 759 90 19
USD 439.01 EUR 474.61
RUB 5.75 CNY 61.91
Jańalyqtar

ЕЭК Алқасының жаңа төрағасы 2020 жылдың 1 ақпанында қызметіне кіріседі

2019 жылғы 20 желтоқсан 20:52
Бөлісіңіз:
ЕЭК Алқасының жаңа төрағасы 2020 жылдың 1 ақпанында қызметіне кіріседі

САНКТ-ПЕТЕРБУРГ. ҚазАқпарат – 2020 жылдың 1 ақпанынан бастап Тигран Саркисянның орнына ЕЭК Алқасының төрағасы ретінде Беларусь өкілі Михаил Мясникович қызмет атқаратын болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат меншікті тілшісі.

РФ президенті Владимир Путин жиын барысында тараптардың алдағы бес жылға арналған ЕАЭО шеңберіндегі ортақ даму стратегиясын келіскенін, алайда бұл жұмыстың әрі қарай жалғасатынын атап өтті.

Сондай-ақ, Ресей Федерациясының басшысы ЕЭК Алқасының жаңа төрағасына ЕАЭО мүше мемлекеттердің барлық астаналарына жеке баруды, ЕАЭО мүше елдерінің сарапшыларымен және үкімет басшыларымен кездесулер өткізуін сұрады.

«Мұндай жұмыс пайдалы болар еді. Ол өзі үшін де қандай мәселелерді қосымша үйлестіру керегін нақтылап, бізді де осы стратегия бойынша түпкілікті шешім қабылдауға бағытталуымыз үшін ақпарат беріп отырар еді», - деді ол.

ЕЭК Алқасының жаңадан тағайындалған төрағасы Михаил Мясникович өз сөзінде қызметіндегі негізгі міндеттерге бірлестікке мүше елдердің толық интеграциясы және ЕАЭО негізгі құжаттарында белгіленген міндеттерді жүзеге асыру үшін одан әрі күш салу жататын атап өтті.

«Менің ойымша, біз инфрақұрылымның ортақ жобаларын құруда, техникалық реттеумен байланысты мәселелерде және мемлекеттеріміздің экономикалары үшін бірдей болуы қажет мәселелерде шындап іске кірісуіміз керек. Сондай-ақ, ұлттық институтымызды алмастырмастан, осы құрылымдарды толықтыруымыз қажет. Бірлескен ірі компанияларды, әсіресе жаңа технологиялар саласында жұмыс істейтін компанияларды құруымыз шарт», - деп түйіндеді ол.

Автор: Нарымбек Исмагулов

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT