ЕЭК алқа мүшесі зияткерлік меншік нысандарына айрықша құқықты жоққа шығарудың аралас қағидатын енгізуді ұсынды (ФОТО)
2015 жылғы 26 ақпан 00:49

ЕЭК алқа мүшесі зияткерлік меншік нысандарына айрықша құқықты жоққа шығарудың аралас қағидатын енгізуді ұсынды (ФОТО)

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда ЕЭК Экономика және қаржылық саясат бойынша Алқа мүшесі (Министр) Тимур Сүлейменовтің төрағалығымен зияткерлік меншік нысандарына айрықша құқықты жоққа шығару қағидатының одан әрі қолданылуына қатысты ұсыныстар жасау бойынша Жұмыс тобы мен Қазақстан бизнес қауымдастығы өкілдерінің кездесуі өтті.

Жиын барысында алқа мүшесі қазақстандық бизнес қауымдастық өкілдерінің көзқарасын тыңдады.

«Қазір құбылмалы әлеуметтік-экономикалық жағдайға байланысты гибридті (аралас) тетіктерді іздеу ұсынылып отыр. Яғни, аймақтық айрықша құқықты жоққа шығару қағидатын базалық негізде қалдыра отырып, басқа тауарлар бойынша халықаралық қағидатты қалдыру. Немесе халықаралық қағидатты қалыптастырып, кей тауарлар позициясы бойынша аймақтық қағидатты енгізу, алайда ондай импорт құқық иесімен келісілуі керек. Біз бірінші нұсқаны ұсындық. Яғни, белгілі бір тауарлар бойынша автобөлшектер, тұрмыстық химия, дәрі-дәрмек бойынша халықаралық қағидат қалады. Оны белгілі бір интеграциялық орган реттейді. Алайда, ол үшін ЕАЭК келісімін өзгертуге тура келеді. Бұл өзгерістерді комиссияға жібердік. Қазір жауап күтіп отырмыз», - деді ЕЭК Экономика және қаржылық саясат бойынша Алқа мүшесі (Министр) Тимур Сүлейменов.

Аталған мәселе бүгін, 26 ақпанда ҚР Үкіметінде қаралады. Биыл наурыз айында тараптар белгілі бір келісімге келуі тиіс.

Айта кетейік, бұған дейін Ресей мен Беларусь елінде ұлттық қағидат қалыптастырылған болатын. Яғни, кез келген импорттық тауар Ресей аймағына құқық иесінің рұқсатынсыз енгізілмейді. Ал, Қазақстанда халықаралық қағидат үстемдік құрып келген. Қазақстанға тауар әкелу үшін құқық иесінің рұқсаты қажет емес.

Антимонополиялық органдар егер аймақтық принцип халықаралық принципке өзгеретін болса, импортерлер еш кедергісіз тауар әкеле береді, ол бағаға әсер етеді деп санайды. Ал, ресми дистрибьюторлар мен өндірушілер олай болғанына қарсы.

Қазақстандық бизнес өкілдері халықаралық принципке көшуді құптайды. Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілі Әлихан Мәмбеталиннің айтуынша, бұл шағын және орта бизнесте бәсекелік ортаның қалыптасуын қамтамасыз етеді.

«Бұл жерде бизнестің де, тұтынушының да құқығы шектелмеуі қажет. Сауда еркіндігі болуы керек», - деді Ә.Мамбеталин.

Ал Ресейлік Тауар өндірушілердің сауда компаниялары қауымдастығының өкілі Александр Онищук кез келген импорттың елге кедергісіз енуі инновациялық дамуды тежейтінін жеткізді.

«Араб Әмірліктерінен автобөлшектерді тасымалдауда қандай инновация бар? Ешқандай. Тек алыпсатарлықпен ел дамымайды. Ресей қазіргі қиын жағдайда тек ішкі импорт алмастырушы өндірістің қалыптасуымен жан бағып отыр.

Кезінде бізде параллель импортқа тыйым салынды. Енді соның жемісін көріп отырмыз. Ресейде сатылатын тоңазытқыштар, көліктер, кіржуғыш машиналардың барлығы дерлік іште жиналады. Менің ойымша, басты басымдықты алыпсатарлардың мүддесін қорғауға емес, оң өнеркәсіптік саясатты қолдауға беру керек. Ішкі өндіріс - тұрақтылықтың белгісі», - деді А.Онищук.
ЕЭК алқа мүшесі зияткерлік меншік нысандарына айрықша құқықты жоққа шығарудың аралас қағидатын енгізуді ұсынды

ЕЭК алқа мүшесі зияткерлік меншік нысандарына айрықша құқықты жоққа шығарудың аралас қағидатын енгізуді ұсынды

ЕЭК алқа мүшесі зияткерлік меншік нысандарына айрықша құқықты жоққа шығарудың аралас қағидатын енгізуді ұсынды

ЕЭК алқа мүшесі зияткерлік меншік нысандарына айрықша құқықты жоққа шығарудың аралас қағидатын енгізуді ұсынды

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT