Эдвард Сноуден Ресейде жұмысқа орналасты

None
None
АСТАНА. 1 қараша. ҚазАқпарат - АҚШ арнайы қызметтерінің жұмысын әшкерелеген Орталық барлау басқармасының бұрынғы қызметкері Эдвард Сноуден Ресейде жұмысқа орналасты. Бұл туралы Америка азаматына заңгерлік қолдау көрсетуші адвокат Анатолий Кучерена хабарлады.

Кучерена Сноуденнің нақты қай жерге жұмысқа орналасқаны туралы айтқан жоқ, тек жұмысы ресейлік ірі сайтқа қатысты екенін сөз етті.

«Эдвард қарашадан бастап жұмысқа шығады. Ол ірі ресейлік сайттың жұмысын қолдаумен айналысатын болады. Ресурстың қалай аталатынын қауіпсіздік мақсатында хабарлай алмаймын», - деп «РИА «Новости» Кучеренаның сөзін келтіреді. Адвокаттың айтуынша, Сноуден жұмысқа 2013 жылғы 1 қарашадан бастап шығады.

Соңғы жаңалықтар