Еділден Қараөзен мен Сарыөзенге алынатын су көлемі ұлғайды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жайық өзеніндегі су тұтыну жүктемесін азайту үшін Еділ өзені арқылы Ресейден алынатын судың көлемі көбейтілді. ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев Мәжіліс қабырғасындағы парламенттік тыңдауда осындай мәлімет келтірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жайық-Каспий бассейні бойынша әсіресе су аз жылдары керекті су жіберу үшін Ресей Федерациясы мен Қазақстандағы гидротехникалық құрылыстардың жұмысы синхрондалады. Қазақстан-Ресей бағдарламасы Жайық бассейніндегі экологияны сауықтырып, су сапасын жасқартады деп күтіп отырмыз», - деді Серікқали Брекешев.

Сондай-ақ, ол Қараөзен мен Сарыөзеннің бойына су қоймасын салу жұмыстары басталғанын жеткізді.

«Су аз жылдары Еділден Сарыөзен мен Қараөзенге құйылатын су көлемі көбейді. Осы өзендерде су қоймаларының құрылысы жобаланып жатыр», - деді министр.

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошановтың мәліметі бойынша, 2040 жылға қарай Қазақстанда су тұтыну 46 пайызға артады.


Соңғы жаңалықтар