Еділ Жаңбыршин Үкіметке Маңғыстау облысындағы еңбек даулары туралы сауал жолдады

Фото:
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин Үкіметбасшысы Әлихан Смайыловтың атына Маңғыстау облысындағы еңбекдаулары туралы сауал жолдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қаңтар айынан бері еліміздің әр түкпірінде наразылық акциялары әлі тоқтаған жоқ және кейбір азаматтар ел астанасына дейін келіп, өз мәселелерін Парламент пен министрліктердің алдына қойып жүр.

Көтеріп жүрген сұрақтадың басым көпшілігі –жергілікті мемлекеттік органдар мен құқық қорғау органдарының шешетін мәселелері.

Мысалы қаржылық алаяқтық, экологиялық проблемалар, азаматтардың тұрғын үй мәселесі, тамақ бағасының күннен-күнге өсуі, ауыз сумен қамту, жеке коллекторлардың бассыздығы, төменгі деңгейдегі сот шешімдерінің әділетсіздігі, тиісті инфрақұрылымның жоқтығы және басқалар», -деген депутат Маңғыстау облысыныдабелең алып тұрған проблемаға тоқталды.

«Былтыр Маңғыстау мен Атырау облыстарын кешенді дамыту үшін арнайы даму жоспарлары да жасақталды. Қарайған қаржы оны іске асыруға қаралды. Мыңдаған жұмыс орындары ашылады деп әкімдерде есеп берді. Алайда, бұл жоспарлардан да нәтиже көрмей отырмыз. Болашақта Атырау облысынан 40 мыңғы жуық адам жұмыстан босайды деп отыр. Олар қайда жұмысқа тұрады? Қазірдің өзінде халық көшеде жұмыс сұрап шулап жүр. Өңірлерде азаматтардың көтерген мәселелерінің дер кезінде шешілмеуі, елдегі қоғамдық-саяси тұрақсыздыққа әкелетіні айтпаса да түсінікті. Керемет презентациялар мен әдемі бос сөздердің уақыты өтті»,- деген Еділ Жаңбыршин Үкіметке брінше ұсыныс айтты.

«Бірінші. Маңғыстаудағы еңбек дауларын реттеу мақсатында Үкімет тарапынан құрылған комиссия, болып жатқан жағдайларды әлі де толық зерттеп, азаматтардың көтеріп отырған сұрақтарын шешу үшін нақты шешімдер қабылдасын.

Екінші. Меншік түріне қарамастан жер қойнауының байлығын өндіруші және оларға қызмет көрсететін сервистік компаниялардың мамандары мен қызметкерлерінің еңбек өтілі, жұмыс жағдайы, разряды және басқа да нормаларға сәйкес жалақыларын бірыңғай тарифтік шкала жасақтау мүмкіндігі қарастырылсын.

Үшінші. Мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік мекемелер конкурстық құжаттарда жұмыстарды атқаруға жұмсалатын жалақылардың деңгейлерін қарастыру қажет және мердігер компанияларда еңбек ақылардың төлену шарттарын қадағалауға алсын.

Төртінші. Жаңа жұмыс орындарын ашу үшін барлық жер қойнауын пайдаланушы және ірі компаниялардың импорттық тауарларының тізімін Үкімет толық анықтап, сол тауарларды өзімізде өндіретін нақты жобаларды іске асыруды қолға алсын»,-деді Мәжіліс депутаты

Айта кетейік, Маңғыстау атом-энергетикалық комбинатын дамыту стратегиясы әзірленіп жатыр.


Соңғы жаңалықтар