Еден дірілдеп, балкон «қисайып» кетті – елордадағы көпқабатты үй тұрғындары дабыл қағуда

None
None
НҰР-СҰЛТАН, ҚазАқпарат – Астанадағы көпқабатты үйдің тұрғындары дабыл қағуда – пәтерлердің біріндегі балкон орнынан «жылжып», еден дірілдеген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өте шұғыл. Астанадағы көпқабатты үйлердің бірінде балкон орнынан «жылжи» бастады. Маған хабарласқан көршінің айтуынша, жоғары қабаттағы тұрғындардың еденінде жарықтар пайда болған. Мекенжайымыз: «Орбита» тұрғын үй кешені, Петров көшесі 10-үй. Құрметті жергілікті атқарушы орган өкілдері, назар аударуды сұраймын!», - деп жазды Facebook-тегі топта Наиль Ринатович деген қолданушы.

Ол әлеуметтік желіге сол тұрғын үйдің видеосы мен фотосуреттерді жариялады. Фотодан балконның пластик терезе қабырғасы майыса бастағанын көруге болады.

Қалалық әкімдік осы проблемалы тұрғын үй туралы білетін болып шықты. Қазіргі уақытта онда техникалық тексеру жүргізіліп жатыр, одан кейін үйдің апаттық деңгейі анықталады.

Соңғы жаңалықтар