Эден Азар Бельгия құрамасы сапынан кететінін мәлімдеді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Футболдан Бельгия құрамасының және Испанияның «Реал Мадрид» клубының шабуылшысы Эден Азар құрама сапындағы мансабын аяқтағанын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Эден Азар ұлттық құрама сапындағы алғашқы ойынын 2008 жылдың 19 қарашасында өткізді. Содан бері халықаралық деңгейде 126 ойын өткізіп, 33 гол соқты. Сондай-ақ, 36 рет нәтижелі пас беріп, 56 мәрте құраманы капитан ретінде алаңға бастап шықты.

Ол Қатарда өтіп жатқан 2022 жылғы әлем чемпионатында құрама сапында үш ойынға да қатысты. Құрама топтық кезеңнен аса алмай қалды.

Еске салсақ, футболдан Әлем чемпионаттары тарихында гол саны бойынша жаңа рекорд тіркелді.

Қатарда өтіп жатқан футболдан 2022 жылғы әлем чемпионатының 1/8 финалында 28 гол соғылды. Осылайша, мундиальдың осы кезеңіндегі голдар саны жөнінен рекорд жаңарды. Бұған дейінгі үздік көрсеткіш (26 гол) 1986 жылғы Мексикадағы әлем біріншілігінде тіркелген еді.

Фото: azertag.az


Соңғы жаңалықтар