Эдди Хирн: Егер Фроч спорттық жолын жалғастырса, келесі жекпе-жегі Головкинге қарсы болуы мүмкін

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Карл Фрочтың промоутері Эдди Хирн қарамағындағы спортшының шаршы алаңға шықпайтынын, бірақ оның рингке Геннадий Головкинге қарсы жекпе-жектің ұйымдастырылуы жағдайында оралуы мүмкін екенін айтты», - деп жазады sports.kz.

«Карл мансабын жалғастыратынын әлі шешкен жоқ. Егер тағы да шаршы алаңға шығуға ұйғарым жасаса, бұл жекпе-жектің Головкинге қарсы болуы әбден мүмкін. Әзірше белгісіз. Карлдың өз спорттық жолын тоқтатуы да ықтимал», - деген Хирннің сөздерін келтіреді Boxing Scene.

Соңғы жаңалықтар