ЕДБ қаражатының бір бөлігі бұғатталды: Жамаубаев Ресей үлесін сатып алу жайы туралы айтты

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев «Үкімет Ресей үлесін сатып алу кезінде Еуразиялық даму банкі қаражатының бір бөлігі бұғатта тұрғанын білді ме?» деген сауалға жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ол кезде бұғатталған жоқ болатын. Бұл мәселе өткен жылдан бері талқыланып келеді. Бәрін жедел шешу қажет болды. Дегенмен, қаражаттың бір бөлігі бұғатталған. Бірақ, қазір біз келіссөз жүргізіп жатырмыз. Бұл жерде ең бастысы – келіссөз процесін дұрыс түзу. Өйткені, банктің өзі санкциялық тізімде тұрған жоқ. Тек белгілі бір қаражат бұғатталған. Бұл банк төңірегенді теріс ая қалыптастыру болмау керек. Банк жұмыс істеп тұр. Қазақстанда өте көп жоба жүзеге асырылып жатыр. Инвестициялық жобалардың 40 пайыздан астамы Қазақстанға бағытталған. Сондықтан біз Еуроодақ билігіне дүрліктірудің және оның төңірегінде сенсация жасаудың қажет жоқ екен түсіндірудеміз», - деді Қаржы министрі.

Сонымен қатар ол «Ресей үлесін сатып алу шынымен де үлкен жобаларды қаржыландыруға мүмкіндік бере ме?» деген сауалға да жауап беріп өтті.

«Биыл аталған үлес мұнан да үлкен болады деп күтеміз, тек 2022 жылы ғана 2 млрд доллардан астам қаржыландыру болды. Шамамен дәл осындай сома биыл да болады. Ал ол жақта бұғатталғаны 700 млн доллардай. Бұл келіссөз процесі. Біз Ероодақ билігін ақшаның Қазақстанға арналғандығына көзін жеткізуіміз керек», - деді Ерұлан Жамаубаев.


Соңғы жаңалықтар