ЕДБ 2016 жылы Қазақстан экономикасына 1 млрд-тан астам доллар инвестицияламақ

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Еуразиялық даму банкі (ЕДБ) 2016 жылдың соңына дейін Қазақстан экономикасына 1 млрд-тан астам АҚШ долларын инвестицияламақ, деп хабарлайды ЕДБ-нің баспасөз қызметі.

«ЕДБ басқармасы «ҚазТрансГазАймақ» АҚ-ның ҚР-дың Ақтөбе және Маңғыстау облыстарын газдандыру және жаңғырту бағдарламасын қаржыландыру жобасын бекітті. Қаржыландыру көлемі теңге баламасында 128,2 млн. АҚШ долларын құрайды. Қаражат 10 жылдық мерзімге ұсынылады. Өткізілген бағалауға сәйкес, Қазақстан бюджетіне салықтық және салықтық емес төлемдердің сомасы банкті несиелендірудің бүкіл кезеңінде жобаны іске асыру есебінен 200 млн-ға жуық АҚШ долларын құрамақ. Жобаны іске асыру 236 жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді деп шамаланып отыр», - делінген хабарламада.

ЕАДБ Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму банкінің (ҚР ИДБ) үлкен алматылық орамды жолының құрылысы (ҮАОЖҚ) бойынша жобаның концепциясын мақұлдады. ҮАОЖҚ ҚР ИДМ-нің іске асырып отырған мемлекеттік-жекеменшік серіктестік (МЖС) кестесі бойынша ілкі жобасы болып табылады. Жобаның іске асырылуы Алматы қаласындағы көлік инфрақұрылымының дамуы есебімен ҚР-дың тұрақты экономикалық өсіміне септігін тигізіп, сондай-ақ көлік ағымдарын жеңілдетудің арқасында аймақтағы экологиялық жағдайды айтарлықтай жақсартуға көмектеседі. Жоба банктің инвестициялық қызметінің болашағы зор бағыттарының бірі болып табылатын «Көліктік инфрақұрылым» секторына жатқызылған, ҚР экономикасының сабақтас салаларына елеулі мультипликативтік әсерге ие. Банктің қарастырып отырған инвестицияларының көлемі - 100 млн. АҚШ доллары.

ЕАДБ сондай-ақ Өскемен қаласында толық циклды автозауыт және көлік бөлшектерін шығару бойынша технопарктің құрылысы бойынша жобаның тұжырымдамасын мақұлдады. Қаржыландыру көлемі 11 жылдық мерзімге 181,89 млн. АҚШ долларын құрайтыны шамаланып отыр. Жоба толық циклды автозауыт және «АЗИЯ АВТО Қазақстан» көлік бөлшектерін шығару бойынша технопарктің құрылысын қарастырып отыр. Осындай нысанның қызмет етуі ҚР-дың тұрақты экономикалық өсіміне көмектеседі. Жобаны іске асырудың маңызды әлеуметтік-экономикалық мәні бар. Алдын ала есептеулер бойынша, жоба зауытта 4 мың және сабақтас өндірістерде 8 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді.

ЕДБ металлургия және тау кен қазу өнеркәсібіндегі тұжырымдамаларды мақұлдаған. ЕДБ несиесінің сомасы - 100 млн. АҚШ доллары, мерзімі - 10 жыл. Жобалар аймақтарда ластаушы заттардың шығарылуын азайту есебімен экологиялық жағдайды жақсартуға бағытталған. Сондай-ақ кәсіпорындардың энергиялық сыйымдылығын төмендету және ресурсты сақтау көрсеткіштерін жақсарту бойынша жобаларды қаржыландыру жолымен экономикалардың энергиялық тиімділігін арттыруға бағытталған, бұл инвестициялық қызметтің басымдық бағыттарының бірі болып табылады. Аталған жобаларды іске асыру нәтижесінде электр энергиясын салыстырмалы пайдалануының қорытылып отырған шикізаттың бір тоннасына шаққанда 15 пайыздан астам қысқартылуы қарастырылып, бұл өзіндік бағаның төмендеуі мен қазақстандық компаниялардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруды қамтамасыз етеді. Жобалар 85 жаңа жұмыс орнын құруды қарастырып отыр. Бюджетке түсетін жыл сайынғы салық төлемдері алдын ала 65,2 млн. долларға бағаланып отыр.

Жобаларды іске асыру бірыңғай металлургиялық нарықтардың дамуына және банктың қатысушы мемлекеттерінің арасындағы сауда-экономикалық байланыстардың нығаюына септігін тигізеді.

ЕДБ-ның 2016 жылғы қарауында сондай-ақ көлік және муниципалдық инфрақұрылым саласында 600 млн. астам АҚШ долларын құрайтын 8 жоба бар.

Соңғы жаңалықтар