+7 (701) 759 90 19
USD 423.91 EUR 497.37
RUB 5.82 CNY 65.59
Jańalyqtar

ЭЦҚ-ны флешкаға салып, тасудың қажеті болмайды – Азаматтарға арналған үкімет

2021 жылғы 8 шілде 19:48
Бөлісіңіз:
ЭЦҚ-ны флешкаға салып, тасудың қажеті болмайды – Азаматтарға арналған үкімет

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда жыл соңына дейін «бұлтты» ЭЦҚ іске қосылады. Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» корпорациясының өкілі айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Біз әлі күнге дейін адамдардың көпшілігі қызмет алу үшін ХҚКО-ға келетінін көріп отырмыз. Талдау жұмыстары көрсеткендей, 6 қызметтің өзі қызмет алушылардың 75%-ын қамтиды. 2020 жылы 4,8 млн азамат ЭЦҚ алуға келді. Бұл барлық өтініштердің 30%-ын құрайды. Цифрлық даму министрлігі Ұлттық ақпараттық технологиялар АҚ-мен бірлесіп, «бұлтты» ЭЦҚ енгізу мәселесін пысықтауда. Бұл жоба ЭЦҚ алу процесін айтарлықтай жеңілдетуге мүмкіндік береді. Бұл шешім адамдарды онлайн режимге көшіруге ықпал етеді деп үміттенеміз», - деді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары Сүйеніш Әбділдин ОКҚ брифингінде.

Сонымен бірге, спикер «бұлтты» ЭЦҚ қалай жұмыс істейтінін, онда биометриялық деректер қолданылатынын атап өтті.

«Өткен жылдың күзінен бастап mgov мобильді қосымшасында авторизация мен биометриялық деректер арқылы тіркеу енгізілді. Жүйенің өзі файлдық болмайды, ЭЦҚ қашықтағы серверлерде сақталады. Және биометриялық сәйкестендіру бойынша ЭЦҚ алынады және үнемі оны жеке куәлікте немесе флешкада алып жүру қажет болмайды. Адамдар флэшкаларын жоғалтады және ХҚКО-ға ЭЦҚ-ны жаңарту үшін тағы келеді. «Бұлтты» ЭЦҚ жағдайында мұның бәрі қашықтағы серверде сақталады және адамдар жеке басын биометриялық растағанда автоматты түрде ЭЦҚ шығарылады және құжаттарға қол қойылады», - деп түсіндірді С. Әбділдин.

Оның айтуынша, бұл жоба жыл соңына дейін eGov платформасына енгізіледі. Қазіргі уақытта жобамен электрондық үкімет порталына жауапты Ұлттық ақпараттық технологиялар АҚ айналысады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айжан Серікжанқызы

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT