Эбола вирусын жұқтырған конголықтардың саны 63-ке жетті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Конго демократиялық республикасында Эбола вирусы туғызған расталған оқиғалар саны 63-ке жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС-қа сілтеме жасап. 

Конго демократиялық республикасының денсаулық сақтау министрлігі вирус туғызған 22 өлім жағдайын тіркеді.

«Жалпы оқиғалар саны - 90, оның 63-і расталды, тағы 27 жағдай анықталу үстінде» деп мәлім етті министрлік. Оның ішінде 22 адам қатерлі дерттен қаза тауып, олардың Эбола вирусын жұқтырғаны белгілі болды.

Қазіргі ауру ошағынан вирус таралуы - Конгодағы осымен оныншы жағдай. Мұның алдында жаңа жұқтыру оқиғалары «заир штаммынан» пайда болғаны анықталған еді. Бұл вирус өлімге апарып соқтыру көрсеткіші бойынша ерекшеленеді. 17 тамызда медқызметкерлер 500-ден астам адамға екпе жасады.

Эбола вирусын жұқтырған адамның ыстығы көтеріліп, қалтырап-дірілдей бастайды, жүрегі айнып, лоқсиды. Қан кетеді. Вирус ошағынан ауру тараған кезде қазаға ұшырау көрсеткіші 25-90 пайыз аралығында болады.

Соңғы жаңалықтар