ЕАЭО және ТМД тұтынушылардың құқығын қорғау үшін күш біріктіреді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 25 шілдеде Еуразия экономикалық комиссиясының Техникалық реттеу жөніндегі алқа мүшесі Валерий Корешков пен ТМД Кеңесінің төрағасы, Тұтынушылар құқығын қорғау және адам саулығы саласындағы қадағалау жөніндегі федеральдық қызмет (Ресейдің тұтынушылар құқығын қорғау қызметі) басшысы Анна Попова Еуразия экономикалық комиссиясы мен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше-елдер тұтынушыларының құқықтарын қорғау жөніндегі Консультациялық кеңестің арасында ынтымақтастық орнату жөніндегі меморандумға қол қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ЕАЭК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Комиссия ЕАЭО-қа мүше-мемлекеттермен қатар тұтынушылардың құқығын қорғап, өнімнің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін, ісін адал атқаратын өндірушілердің бәсекеге қабілеттілігі мен халықтың әл-ауқатын жақсарту үшін барлық жағдайды жасайды. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы аясында жиналған мол тәжірибе - еуразиялық форматта тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың негізі екені белгілі», - деді Валерий Корешков.

Оның айтуынша, бірыңғай қызметтер нарығында тұтынушылардың құқықтарын қамтамасыз ету үшін барлығына бірдей жағдай жасау - Одаққа мүше елдердің бірігіп әрекет ету жолындағы келесі кезең болмақ. Аталған жұмыстар ТМД елдерінің салалық ынтымақтастық органының тәжірибесін есепке ала отырып атқарылатын болады.

Соңғы жаңалықтар