ЕАЭО жағдайында сауда үшін кикілжің болмауы керек - А.Лукашенко

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Еуразиялық экономикалық одақ жағдайында сауда үшін кикілжіңдер болмауы керек. Бұл туралы бүгін тілшілермен ашық диалог кезінде Беларусь Президенті Александр Лукашенко мәлімдеді, деп хабарлайды БЕЛТА.

«ЕАЭО құжаттарына қол қойылған соң мүлдем болмауы тиіс жайттар бар. Бұл сіздер БАҚ-тарда айтып кеткендей, сүт, ет, кәмпит сынды өнімдер үшін туындайтын кикілжіңдер. Олар болмауы тиіс», - деді Беларусь Президенті.

«Экономика саяси, әскери-саяси жағдайларда да біздің одан әрі әрекеттеріміздің іргетасы болуда және болып қалмақ», - деді мемлекет басшысы. Ол ЕАЭО туралы сөз қозғалғанда ұзақ қалыптасу тарихына ие Еуроодақ жиі мысалға келтірілетінін атап өтті, сондықтан еуразиялық интеграциялық жобаның жылдам дамуын да талап етуге болмайды. «Мен Еуроодақтың біздегідей бірыңғай Кеңес Одағында жұмысының тәжірибесі болмағанын әрқашан айтып отырамын. Біз одан да тығыз қарым-қатынастаға ие болдық. Және оны пайдалану керек. Олай болғанымен, факті факті болып қала береді: біз оны шамамен бірнеше жыл құрып жатырмыз. Бұл үлкен нормативтік база. Бізден экономикада көптеген мәселелердің шешілуін талап етуге болмайды», - деп атап өтті бұл мәселе жөнінде Александр Лукашенко.

Соңғы жаңалықтар